Павлодар облысының құрылғанына 85 жыл толуымен құттықтаймыз

Құрметті достар!

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Сіздерді Павлодар облысының құрылғанына 85 жыл толуымен шын жүректен құттықтайды! Павлодар облысы – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік орталығы, бай тарихы бар, ауыл шаруашылығы әлеуеті мен мәдени-тарихи мұрасы мол.

Ортақ үйімізге – бақытты болашақ, одан әрі дамуы мен өркендеуін, Сіздерге зор денсаулық, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз! Әр күн жадыңызда жарқын естеліктер қалдырып, жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Болашаққа ұмтылған өлке» атты иллюстрациялық – кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Павлодар облысының тарихы, экономикасы, мәдениеті және өнері бойынша 100-ден астам кітап қойылды.

Көрмеге қойылған кітаптар Павлодар облысының білім беру, даму және қалыптасу тарихы бойынша білімдерін кеңейтуге көмектеседі.

Көрме жыл бойы жұмысын жалғастырады. Көрмеге қош келдіңіздер.