Павлодар өңірінің әдебиеті - викторина

5 қазан күні облыстық кітапханада «Павлодар өңірінің әдебиеті» атты викторина өтті. Іс-шара барысында Ертістің Павлодар өңірінің ақын жазушыларының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылды. Ы.Алтынсарин атындағы №3 облыстық қазақ гимназиясының оқушылары өлкетану викторинасына белсенді қатысып, аймағымыздың әдеби өмірі жайында толық ақпарат алды және өздерінің білімдерін толықтырды.