«Павлодар Тәуелсіздік жылдары: интеллектуалдық ұлт (адами капитал»)

Облыстық кітапханада Zoom платформасында «Павлодар Тәуелсіздік жылдары: интеллектуалдық ұлт (адами капитал») тақырыбы талқыланды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Ж.К. Қажыбаева және кітапханашы М.М. Баешева «адами капитал» ұғымы, Қазақстанда және Павлодар облысында адами капиталдың дамуы жайлы баяндады. Іс-шараға Павлодар ауданы ОКЖ-нің кітапханашылары қатысты.