«Павлодар өңірінің атақты күйшілері: Рүстембек Омаров» атты көпшілік дәріс

14 мамыр күні облыстық кітапханада Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында «Павлодар өңірінің атақты күйшілері: Рүстембек Омаров» атты көпшілік дәріс өтті. Дәрісті Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Әсел Даутовна Арынова жүргізді. Оқытушы музыкалық колледждің студенттері, өнер сүйер қауым, кітапхана оқырмандары  үшін Қазақ ССР-інің халық әртісі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы, Павлодар облысының тумасы Рүстембек Бейсенұлы Омаровтың өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырды. Домбыра, жетіген аспаптарында дарынды балаларға арналған  музыка мектебінің ұстазы Г.С. Кульжанова, ПМПУ оқытушысы Ә.Д. Арынова «Жастық шақ» және т.б. күйлерді орындап, шеберлік - сыныбын көрсетті. «Өнер – рухани байлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.