«Павлодар – мой край родной» атты тақырыптық сағат

19 қараша күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Павлодар – мой край родной» атты тақырыпта «Зерде» клубының отырысы өтті.

Қала мектептерінің жас ақындары облыстық «Найзатас» әдеби-көркем журналының қызметкерлерімен кездесті. Балалар әдеби марафонға, сондай-ақ «Балалар оқиды» инста-акциясына қатысты. Жерлестеріміздің бұрын журналда басылып шыққан өлеңдері, поэзия аудармалары мен қылқаламдарынан шыққан туындылары оқылды. Балалардың өнер көрсетілімін әлеуметтік желілерден көруге болады. Акция 2019 ж. наурыз айына дейін жалғасын табады.