ПАВЛОДАРДА АЛҒАШ РЕТ КІТАП СВОПЫ ӨТТІ

23 қыркүйек күні облыстық кітапхананың coworking-де кітап свопы болып өтті. Іс - шараны "KITAP TIME-2022" жалпы республикалық кітап фестивалі аясында креативті шығармашылық орталығы ұйымдастырды.

Кітап свопы кітап алмасу үшін таптырмас орта. Бұл қаламыздағы түрлі-түсті кітап кеші форматында өткен алғашқы своп. Бүгінгі кешке кішкентай балалардан бастап, жастар, егде жастағы оқырмандарым да қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Кешке барлығы 40-тан астам қатысушы келді. Алдын ала хабарлағандай, қатысушылар кітап түсімен сәкестендіріп, киініп, сол түстегі тәттілерді, сусындарды әкелуі тиіс болатын. Қатысушылардың барлығы дерлік осы үдеден шыға білді.

Своп барысында түрлі ойындар, викториналар, дефиле және фуршет ұйымдастырылды. Іс-шара соңында қатысушылар өзара әдеби шығармаларды талқылап, кітаптармен алмасты. Сондай-ақ кештен алған әсерлерін, пікір ретінде жазып қалдырды.