«Павлодардың естелік орындары» квест-ойыны

Туған өлкенің тарихын ойын формалары арқылы зерделеу, мәдениет ескерткіштерімен танысу, патриотизм мен кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында 21 шілдеде С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында балаларға арналған «Павлодардың естелік орындары» атты квест-ойын өткізілді. Ойын барысында балалар «Менің Павлодарым» викторинасының сұрақтарына жауап берді, пазлдарды жинады, Отан туралы өлеңдерді қызығушылықпен оқыды.

Квест-ойынның қорытындысы бойынша оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, өздері үшін көптеген қызықты нәрселерді білді.