«Павлодарлық ғалымдардың отандық тарихты зерттеуге қосқан үлестері» атты дөңгелек үстел

9 қазан күні С. Торайғыров атындағы Павлодар облысытық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Павлодарлық ғалымдардың отандық тарихты зерттеуге қосқан үлестері» атты  дөңгелек үстел өтті.

Павлодар облысы - тарихи тұлғалардың туған жері. Қазақстанға еңбегі сіңген көптеген ұлы адамдар, осы өңірден түлеп ұшқан. Бүгінгі шараға қатысқан ғалымдар - ПМПУ-нің тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент  Анара Еркеновна Каримова, т.ғ.к., доцент Зият Шайманұлы Айткенов, т.ғ.к., доцент Замзагүл Әбілашқызы Сабданбекова, аға оқытушы Гүлмейрам Қайырбекқызы Ракишева   тарихтың дамуына үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектеріне тоқталды. Дөңгелек үстелге ПМПУ ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері, студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.