Павлодарлық ақындар астанада

25 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Eurasian Book Fair» IV Еуразиялық халықаралық кітап көрме–жәрмеңкесінде Жарқынбек Амантайұлының «Ескі сурет» және Қуанышбек Шармановтың «Дәріс дәптерлері» кітаптарының тұсаукесерлері жоғары деңгейде өтті.

Павлодар облыстық кітапханасы жастар жылының шеңберінде астана тұрғындары мен қонақтарын Павлодар Ертіс өңірі жас ақындарының шығармашылықтарымен таныстырды. Тұсаукесерге танымал қазақстандық ақындар Ілия Жақанов, Дәулеткерей Кәпұлы, Баянғали Әлімжанов, Ықылас Ожайұлы қатысты.