«Фотосурет негіздері» және «SMM» курстары

«Maker Space» шығармашылық зертханасында «Фотосурет негіздері» және «SMM» бойынша курстар басталды. «Фотосурет негіздері» курсының тренері Рябов Виктор Михайлович тыңдаушыларға фотоаппаратты баптау, жарықты пайдалану, фотосуреттерді өңдеу және композицияны дұрыс құрастыруға үйретеді. Торпишева Руфина Шамильевна әлеуметтік желілердегі парақшаларды жүргізу және дамытудың негізгі ережелерімен таныстырады. Курстар тегін. Интервью нәтижесі бойынша әр курсқа 15 адам іріктелді.