Тілектерімізді аспанға көтерейік

29 ақпанда "Айна" галереясындағы "СтудАРТ" көрмесінде жас дизайнерлердің 60 тамаша туындысы - графикалық дизайндағы, кітап безендірудегі, фирмалық стильдегі, клаузурадағы, кескіндемедегі, графикадағы шығармашылық студенттік эксперименттер ұсынылды. Бұл - Торайғыров университетінің "Сәулет және дизайн" білім беру бағдарламасының аға оқытушы Н.В.Волкованың жетекшілігімен істелінген студенттердің жобалары мен оқу жұмыстары.

Ашылу салтанатында «Сәулет және құрылыс» факультетінің деканы Гүлнар Абайқызы Жукенова құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қорына құнды кітап – «Соны сүрлеу» кескіндеме альбомын сыйға тартты. Кешті Торайғыров университетінің студенті Каирова Дильназ және Бахарева Олеся әсем әндерімен көркейтті. Көрме қала жастарының қызығушылығын тудырды. Перформанста студент 3 минут ішінде бір матадан сәнді көйлек қалай жасауға болатынын көрсетті, ал «Өз тілектерімізді аспанға көтереміз!» атты ерекше перформанстың қатысушылары галерея кеңістігін позитив пен үмітке толтырып, жеке тілектерімен қағаз ұшақтарын ауаға шығарды.

Біз павлодарлықтар мен қала қонақтарын 12 наурызға дейін көрмені тамашалауға шақырамыз.