Балалар әдебиеті жылын қорытындылау

24 желтоқсанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында балалар әдебиеті жылын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова, жергілікті қаламгерлер Ольга Григорьева, Людмила Бевз, Серік Сатыбалдин, Жұмағали Қоғабай және облыстың балалар кітапханаларының өкілдері болды.

2021 жылы жарық көрген балаларға арналған кітаптардың авторлары - О.Григорьева, Л. Бевз, сондай-ақ облыстың балалар кітапханаларының кітапханашылары алғыс хаттармен марапатталды.

Дөңгелек үстел бағдарламасына журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сүлеймен Баязитовтың шығармашылығына арналған «Қаламгердің туған күні» акциясы аясында өткен әдеби диктант жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жеңімпаздардың қатарында №25 мектептің  оқушылары Жасқайратова Жансая, Қабылбек Іңкәр, Аянат Шаймарданова, Қ.Макпалеев ат. жалпы орта білім беретін мектептің  оқушылары Кенжетаева Дарина, Атабаева Алима, Агупова Вероника және №25 мектептің оқушылары  Жасқайратова Жансая,  Қабылбек Инкар и Аянат Шаймарданова.