«Туған жерге махаббатпен» атты эссе байқаудың қорытындысы

12 желтоқсан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Туған жерге махаббатпен» атты эссе байқаудың қорытындысы жарияланды.
Байқауға 70 шақты мектеп оқушылары оларды атап өтсек: Павлодар қаласы, Екібастұз қаласы және де Кенжекөл ауылында тәрбиеленіп жаткан балалар қатысты. Мерекелік байқау Әнұран шырқаумен басталды, кейін жүргізушілер Қазақстанымыздың құрылу тарихы, оның тәуелсіз және егеменді ел екендігін айтып өтті. Оқушылар «Қазақстан» бүгін және ертен атты бейне фильмді тамашалап, «Нағыз патриот» атты пікірталасқа қатысты.
Ең қызықты және мазмұнды эссе жазған оқырмандарға, диплом мен мадақтамалар табысталды. Кеш соңында біздің тұрақты оқырманымыз Гусейнов Руслан «Мой Павлодар» атты өзі жазған өлең шумақтарын оқыды.