«Листая страницы весны» поэтикалық кеші

24 наурызда «Истоки» әдеби-музыкалық клубы «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Листая страницы весны» атты павлодарлық ақындар мен бардтардың шығармашылық кездесуін өткізді.

Іс-шара жыл сайын 21 наурызда аталып өтілетін Дүниежүзілік поэзия күніне орай ұйымдастырылды. Бұл мерекені ЮНЕСКО 1999 жылы бекіткен болатын. Содан бері шығармашылық адамдарының басын қосатын бұл тамаша мерекені тойлау игі дәстүрге айналды.

Іс-шараға әдеби-музыкалық бірлестіктер, ақындар мен бардтар, Павлодар қаласының шығармашылық зиялы қауымы, Павлодар мемлекеттік университетінің жанындағы М.Қанапьянов атындағы жоғары колледжінің студенттері, кітапхана қонақтары мен пікірлестер қатысты.