«Поэзия мир наделяет душой» поэтикалық кеші

17 наурыз күні «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Поэзия мир наделяет душой» атты поэтикалық кеш өтті. 21 наурызда жыл сайын Дүниежүзілік поэзия күні атап өтіледі, мерекені ЮНЕСКО 1999 жылдың қарашасында бекітті. Бірінші Дүниежүзілік поэзия күні 2000 жылдың 21 наурызында Парижде өтті. Содан бері бұл тамаша мерекені атап өту жақсы дәстүрге айналды. Поэзия – таңғажайып сөз өнері. Әлемді танып – білудің күшті құралы.

Іс – шараға Павлодар педагогикалық университеті колледжінің әдеби клубының мүшелері, клубтың жетекшісі, ақын, «Простор» журналының редакторы, әдеби коуч, филолог, педагог И.О. Приходченко қатысты. Кеште авторлардың орындауында өлеңдер оқылды.