«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» жыр кеші

14 қыркүйек күні кітапханада «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты жыр кеші өтті. Кешке Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ мектеп-интернатының оқушылары белсене қатысты: Қазақстанда тұратын халықтардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін жақсы меңгергендіктерін көрсетті, «Тіл - халықтың жаны» әдеби викторинасының сұрақтарына ынтамен жауап берді.

Гимназия оқушылары Малика Қасен, Мөлдір Зекен және Бауыржан Бекмұратұлы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, кітаптармен және сыйлықтармен марапатталды.

Көрермендер назарына «Мемлекеттік тіл – ел тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.