«Менің Отаным – Қазақстан» поэзия сағаты

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты поэзия сағаты өтті. Іс-шараға Май ауданы Жұмыскер ауылының Қазан орта мектебінің оқушылары қатысты, оларға кітапхана залдарына экскурсия ұйымдастырылды.

Балалар «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кітап көрмесіне қойылған кітаптардан өлеңдер оқыды. Бейнеролик біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда қолжетімді.