І.Есенберлиннің "Көшпенділер" романы бойынша фильмнің көрсетілімі

11 наурыз күні облыстық кітапханада "Кешкі кітапхана" жобасы аясында кезекті кинокөрсетілім ұйымдастырылды. Бұл жолы оқырмандар Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының екінші кітабына негізделген қазақ-француз бірлесіп түсірген "Көшпенділер" фильмін тамашалады.

Кинокештің қонағы ретінде тарихшы, зерттеуші ғалым, PhD докторы, Торайғыров университетінің оқытушысы Аслан Әзірбаев қатысты. Фильмді көргеннен кейін көрермендер фильмнің мәнін ғана емес, сонымен қатар кадр құрылысының ерекшеліктерін және сюжеттік ерекшеліктерді де талқылады. Осылайша, фильмді жақсы түсінуге және сезінуге өз септігін тигізді.

Оқырмандардың айтуынша, фильм көрерменді толғандырмай қоймады: - Бар жоғы екі сағат ішінде бағзы заманнан Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі еліміздің қалыптасуы жолындағы көрнекті тарихи тұлғалардың рөлін жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік алдық, - деп пікір білдірді.