Әлеуметтік желілерде пост жазу әдістемесі

3 қарашада С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында облыстық кітапхананың жас мамандары үшін кезекті кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Кітапхана мамандарына қазіргі заман талабы – медиасауаттылық, әлеуметтік желілерде пост жазу жайлы айтылды. Кітапханашыларға осы тақырып бойынша әр түрлі әдістемелік ұсыныстар берілді. Тыңдаушылар алған білімдерін іс-жүзінде көрсетіп, арнайы тапсырмалар орындады. Бұл тақырып қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Оқу үстінде әр түрлі пікір-таластар айтылды. Оқуға барлығы 20 адам қатысты.