Басты мақсат - біліктілікті арттыру

Облыс кітапханашыларының біліктілігін арттыру мақсатында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «цифрлық кітапхана» атты екі күндік семинар-тренингі бүгін басталды. Оқытуды ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы, қазақстандық кітапханалар Альянсының төрағасы, Қазақстаннның 100 жаңа есімінің жеңімпазы Н.Жолдыбалинов өткізуде.

Мәртебелі мейман кітапханада қолданылатын жаңа цифрлық технологиялар бойынша, мобилография секілді заманауи үрдістерге бас мән беруде.

Дәл қазір Павлодар өңірінің 144 кітапханашысы осы шараға белсене қатысуда. Екі күндік шарадан соң қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болатын болады.