«Отан қорғаушылар күні» атты танымдық сағаты

Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығының кітапханашылары қаламыздағы №2 жалпы білім беру мектебімен бірлесе отырып, 7 - мамыр - Қазақстан Отан қорғаушылар күніне орай 6-7 сынып оқушыларымен «Отан қорғаушылар күні» атты танымдық сағатын ұйымдастырды. Шара барысында мектеп кітапханашысы Сауле Қабиденқызы егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы, отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайратты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап екендігі туралы айтып өтті.

3 «А» сынып оқушылары Аманқан Айша, Елубай Мансур, Ереймен Жансая, Султанбаев Дамир, Шакартаева Ажар - Отан қорғаушылар күніне арналған өлеңдерді жатқа айтса, 6-7 сынып оқушылары викторина сұрақтарына белсене қатысты. «Отанға қызмет – абыройлы міндет» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара соңында белсенді қатысқан балалар алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Шара қызықты әрі танымды өтті.