«Метеориттер - ғарыштағы өзгеше денелер» тақырыбындағы атты танымдық сағат

15 маусымда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Метеориттер - ғарыштағы өзгеше денелер» тақырыбында танымдық сағат өтті.

Кездесуге келген оқушыларға әуесқой астроном Андрей Калинин метеорит ұғымын кеңінен таныстырып, оның құрылымы мен құрамына қысқаша шолу жасады. Метеориттердің әрқайсысына берілген нақты атаулар мен жұлдыздар, планеталар туралы, астрономияның қалай пайда болғаны және бүгінгі күні қалай дамып келе жатқаны, сондай-ақ планетарий бақылаулары қалай ұйымдастырылатыны жайлы толық мағлұмат берді.

Оқушылар «Шоқжұлдыздар» слайд-дәрісін тамашалап, метеориттердің жерге құлауы жайлы шеберлік сабағына қатысты. Бұл көрініс қатысушылар үшін өте әсерлі болды, олар іс-шараға қатысқандарына ризашылықтарын білдірді.