«Алғысым шексіз!» атты танымдық сағат

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі аталып өтіледі. Бұл күн – Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың бір-біріне алғыс айту күні, мейірімділіктің, барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі. Осыған орай, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың  қызметкерлері  №7 арнайы мектеп-интернатының  оқушыларына «Алғысым шексіз!»  атты  танымдық сағатын  өткізді. 

Кітапханашылар оқушыларға Алғыс айту күнінің тарихы туралы қызықты деректерді айтып берді. Іс-шара соңында «Кітап әлемінде» атты онлайн-викторинаға белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.