«Сұлтан Бейбарыстың аңыз өмірі» атты танымдық сағат

19 қантар күні  Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері №1 арнайы мектеп-интернатында «Сұлтан Бейбарыстың аңыз өмірі» атты  танымдық сағатын өткізді. 

Шара барысында кітапханашылар қатысушыларды Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен тарихи мұрасымен таныстырды. Кездесу сонында кітапханашылар  ұсынған қызықты тапсырмаларды оқушылар бар ынталарымен орындап шықты.