«Прогулка по Испании» танымдық саяхат кеші

26 қаңтарда «С книгой по планете» жобасы аясында «Прогулка по Испании» атты танымдық саяхат кеші өтті. Іс-шараның мақсаты испан тіліне және осы елге деген қызығушылықты арттыру. Іс-шарада Испания, оның өнері мен мәдениеті жайлы әңгімелер және көрікті жерлері туралы слайд-презентация бір-бірімен үйлесім тапты. География пәнінің оқытушысы Салтанат Бахтиярқызы Төлебаева таңғажайып елдің басты көрікті жерлерімен таныстырды. Кеш барысында көрнекті ақындар Федери́ко Гарси́а Ло́рка, Окта́вио Пас, Антонио Мачадолардың испан тіліндегі өлеңдерін ППУ студенттері мен қала мектептерінің оқушылары Жанель Батырова, Данила Оришевский, Джордан Джеймстер оқыды. Испан репертуарындағы аспаптық нөмірді «Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінің» оқушысы Филипп Спиридонов орындады. М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Малика Төлеген фламенко стиліндегі отты және сезімтал биді биледі.

Оқырмандар назарына «Испан мәдениетінің бастаулары: тіл, әдебиет және тарих ескерткіштері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешке №8 лицей мен дарынды балаларға арналған №3 гимназия оқушылары қатысты.