«Салауатты Павлодар» атты электронды ресурстың тұсаукесері

15 маусым күні кітапханада Павлодар облысы денсаулық сақтау саласының тарихы мен дамуына арналған «Салауатты Павлодар» атты электронды ресурстың тұсаукесері өтті. Аталған іс-шара медицина қызметкерлері күніне орай ұймдастырылды.

Іс-шараға өңіріміздің медицина саласының өкілдері, медициналық колледж оқушылары, Павлодар қаласы мектептерінің, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманы Жібек Нұрсейітқызы Жолшыбекова медицина қызметкерлерін төл мерекелімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының ардагері Тұңғышбай Бүркітбайұлы Баймаханов және дәрігер-реабилитолог Роза Сатыбалдықызы Құсаинова сөз сөйлеп, дәрігерлер қауымы атынан жылы лебіздерін білдерді. Сондай-ақ, Павлодар медициналық жоғары колледж әдіскері Айсұлу Ажимағұлқызы Жакишева мен кітапхана меңгерушісі Гүлнар Хамитқызы Қасымова да электронды ресуртың маңыздылығы жайлы айтып кетті.

Тұсаукесер соңында ұйымдастырушылар «Басты байлық - денсаулық» атты кітап көрмесін көпшілікке ұсынды.