Камал Сейткеновтың «Приключения непредсказуемого Рината» кітабының тұсаукесері

Бүгін «Оқитын Павлодар» фестивалі аясында қала жастары үшін жас автор Камал Сейткеновтың «Приключения непредсказуемого Рината» кітабының тұсаукесері өтті. Экшн стилінде жазылған кітап осы жылдың басында жарық көрді. Автор - Торайғыров университетінің 19 жастағы 3 курс студенті, «Өнер» жастар шығармашылық ұйымының жетекшісі - оған кітап жазуға не түрткі болғаны, шығармашылық тұйықпен қалай күресетіні және оқырмандарына қандай идеяларды жеткізгісі келетіні туралы айтып берді. Бұл кітапты оқып үлгергендерден көптеген пікірлер айтылды, бұл Камалдың достары, Торайғыров университетінің студенттері, оқытушылары мен кітапхана директоры және қолдау білдірген туыстары. Облыстық кітапханадан қазақ тілінде кітап жазу туралы ұсыныс айтылды. Кездесу соңында автор облыстық кітапхана қорына 4 кітап сыйға тартты. Ол өз оқырманын табады деп үміттенеміз!