Павлодарлық ақын Костя Павловтың «Сердце – фонарь в ночи» кітабының тұсаукесері

30 сәуір күні облыстық кітапханада павлодарлық ақын және музыкант Костя Павловтың «Сердце - фонарь в ночи» кітабының тұсаукесері өтті. Костя Павлов - өте заманауи және жастардың рухына жақын автор. Кітапта автордың 14 пен 33 жас аралығында жазған өлеңдері, лирикасы мен прозасы қамтылған. Кітапты құрастырушы Ева Павлова. Мәдени-әлеуметтік шарада И.Аргентум, Е.Павлова және т.б. өлеңдер оқып, естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ  Д.Суханов, Е.Павлова, Е.Меркушеваның орындауында Костя Павловтың әндері шырқалды.