Л.Бевзтың «Бабушка из другой молекулы» кітабының тұсаукесері

29 наурызда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында жергілікті ақын, Қазақстан Журналисттер Одағының мүшесі, балаларға арналған көптеген кітаптардың авторы Людмила Николаевна Бевзтың жаңадан шыққан «Бабушка из другой молекулы» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Т.С.Корешкова, Г.З. Байкенова, С.Чистякова, З.Павлова Людмила Бевзтың шығармашылығы және жаңа кітабы туралы ойларымен бөлісті. Шара барысында Л.Бевзтің сөзіне жазылған ән шырқалды, №9 мектеп-гимназия оқушыларының орындауында өлеңдер оқылды. Людмила Бевзтің шығармашылығы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.