М. Әлімбаевтың Брайль қаріпінде басып шығарылған «Өскеңінді ел көрсін» өлеңдер жинағының таныстырылымы

26 тамыз күні Шарбақты ауданының орталық кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің классигі, Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың  Брайль қаріпінде басып шығарылған «Өскеңінді ел көрсін» өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті.  Бұл кітап жазушының жүз жылдық мерейтойына орай және «Павлодарская книга на Брайле» атты жобаны асыру ретінде шыққан.

Көзі көрмейтін және нашар көретін  азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасының қызметкерлері брайльдегі кітапты сандық форматта жазылған аудионұсқасы қоса берілді. 

 М. Әлімбаевтың жас оқырмандарға арналған «Өскеніңді ел көрсін»   өлеңдер жинағына үлкендерге құрмет ,отан сүйгіштік,  достық туралы жазылған жырлар, жаңылтпаштар, жұмбақтар енгізілген.  Сондай-ақ бұл жобасының арқасында зағип және нашар көретін жандар М. Әлімбаевтың  «Менің таныс балаларым»,  «Ұмытпа», «Найзағай» және тағы басқа жырларын оқи алады.