«Адам бол» атты жаңа кітаптың тұсаукесері

15 ақпанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ф.ғ.к., жазушы, журналист, дінтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Mazhab.kz» сайтының редакторы Амантай Тойшыбайұлының «Адам бол» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Амантай Тойшыбайұлы – бірнеше тағылымдық тақырыптағы кітаптардың және ғибратты әңгімелердің авторы.

Тұсаукесер шарасына «Мәшһүр Жүсіп» облыстық орталық мешітінің найб имамы Қанат Қабаев, жергілікті ғалымдар мен дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің шәкірттері, Ә.Марғұлан атындағы ПМПУ-нің студенттері және жастар қатысты.

Жазушы Амантай Тойшыбайұлының кітаптары, мақалалары бойынша кітап көрмесі ұсынылды.