«Наз» кітабының тұсаукесері

 20 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Оқитын  Павлодар» фестивалі өтті. Фестиваль аясында «Наз» кітабының тұсаукесері өтті, оның авторы Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, педагог, ҚР ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Зекебай Солтанбаев.

Зекебай Солтанбаев 1931 жылғы 15 наурызда Баянауыл ауданының Басшілік ауылында дүниеге келген. Ол 43 жылын ағартушылыққа арнады, оның 34-ін мектеп директоры болып жұмыс істеді, қоғамдық жұмыстармен айналысты.

Іс-шарада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі   басқармасының басшысы М.А. Тауасқан, ақын, жазушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Т. Елікбай сөз сөйледі. Зекебай Солтанбаевтың «Наз» кітабына шолуды ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Т. Оралқан жазды.

Зекебай Солтанбаев іс-шараға онлайн режімінде қосылды. Сондай-ақ, тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, автордың туыстары мен шәкірттері, студенттер қатысты.

Зекебай Солтанбаев жазған кітаптар: «Жыр жиһазы», «Мәшһүр», «Жүсіп», «Көпеев», «Ғұлама», «Адам», «Айшуақ», «Жалынды демократ». Ақынның сөздеріне жазылған «Егіндібұлақ вальсі», «Баян гүлдері», «Әкеме», «Ажы вальсі», «Бауырыма», «Баян деген...» әндері көпшіліктің сүйікті әндеріне айналды.