«Все в себе переживаю» кітаптың тұсаукесері

5 қазан күні жергілікті журналист, ақын Жасұлан Садыков Бакиұлының 2023 жылы Өскемен қаласында басылып шыққан алғашқы жинағының тұсаукесері өтті.

Жасұлан Садықов мамандығы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 25 жылдан астам алюминий зауытында жұмыс істеген, жергілікті газетте редактор болған. Өлең, әңгіме, эссе жазады.

Композитор И.Булатов, Ж.Садықовтың сөзіне жазылған «Жамбыр» әні Маша Мудряктың орындауында Республикалық қазақ балалар әндері байқауында жеңіске жеткен.

Шараға журналистер, жазушылар, ақындар Ю.Поминов, А.Оралхан және т.б.зиялы қауым өкілдері қатысты. Қонақтар ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысты.