Жаңа кітаптың тұсаукесері

8 ақпанда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Балаларға базарлық» жобасы аясында «Досиктің дәуірлерге саяхаты: ежелгі Павлодар туралы ертегі» кітабының тұсаукесері өтті. №3 гимназия, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің және С.Торайғыров атындағы мектеп оқушылары жоба мен ертегі авторлары Людмила Бевз және Марал Тәженова, автор-аудармашы Айбек Оралханмен кездесті.

Бұл біздің облыс тарихындағы ғылыми-танымдық жанрдағы, көне Павлодар туралы балаларға арналған бірінші  кітап. Палеонтология мен археология туралы білім алғаш рет ертегі түрінде балаларға түсінікті тілде жазылған. Кездесу барысында қатысушылар жаңа кітап туралы біліп қана қоймай, авторлардан өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.