«Ертіс Жаманбалиновты оқиды» жобасының тұсаукесері

24 сәуірдеОблыстық кітапханада «Облыстық кітапханадағы ОКЖ күндері» жобасы аясында Ертіс аудандық кітапханасы белгілі балалар жазушысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жазушылар Одағының мүшесі, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Мүбарак Кәрімұлы Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған «Ертіс Жаманбалиновты оқиды» жобасының тұсаукесерін өткізді. Жобаны Ертіс ауданының кітапханалары іске асырды.

Мүбарак Жаманбалинов Железин ауданында дүниеге келген. Балалық шағы Новосібір облысында өтті. Еңбек жолын Ертіс, Краснокутск және Железин аудандарында тілші болып бастаған. Оның өмірі Ертіс ауданымен тығыз байланысты. Осы ауданда ақын және публицист, қоғам қайраткері ретінде қалыптасты. Ол Ертіс өңіріндегі ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі. Балаларға арналған жазушы ретінде де танымал болды. 13 кітап жазды. Оның өлеңдері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары мектеп оқулықтарына енген. «Дятел - врач» өлеңдер жинағы 1985 жылы «Жалын» баспасында 100 000 дана, ал 1987 жылы «Ашық күн» жинағы 75 000 дана болып шықты.

Ақынның өмірі, қызметі мен шығармашылығы туралы туған-туыстары: балалары, немерелері, Павлодарлық журналистер мен жазушылар айтты. Жазушының туған-туысқандары ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты.

Ертіс ауданының кітапханалары жазушыға арналған әдеби-музыкалық композиция, сонымен қатар жазушы туралы бейне фильм көрсетілді. 

Бұл шараға Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан, журналист, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабай, шығармашылықзиялы қауым, облыс кітапханашылары, жоғары оқу орын студенттері және оқырмандар қатысты.