Ертіс толқындары

23 сәуірде облыстық кітапханада «Оқитын Павлодар» фестивалі аясында «Ертіс толқындары» атты Павлодар студенттерінің жыр жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақтың алғы сөзін жазған Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар филиалының төрағасы Серік Елікбай Төлеубайұлы, құрастырған Дәурен Бақытқажыұлы.

Кітаптан жиырмаға жуық жас таланттардың қанат қағысын, өзіне тән шабысын, екпінді ағысын көруге болады.