Жазушы Амантай Тойшыбайұлының жаңа кітабының тұсауы кесілді

8 ақпан күні кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к, жазушы, журналист Амантай Тойшыбайұлының 60-жылдық мерейтойының аясында және «Өмір сүр» кітабының тұсаукесері болып өтті.

 Амантай Тойшыбайұлының  ілгеріде жарық көрген «Адам бол» атты еңбегінің заңды жалғасы болып табылатын терең мағыналы екінші кітабы 6 тараудан тұрады: «Өмір сүр» кітабы «Өмір», «Махаббат», «Бақыт», «Жүрек», «Ақыл».

Шара барысында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Саяуыш Мұхамедәшімұлы Садуақасов сөз сөйлеп, Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Бердімұратов Жолдас Қоспақұлы, Еңбек ардагері, Павлодар қаласының құрметті азаматы,  Демесинов Махмет Демесинович  және С.Торайғыров университетінің профессоры Елікбаев Серік Төлеубайұлы кітаптың тұсауын кесті.