Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы 8 бағыт бойынша алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Олардың қатарында әлемді дендеген дертпен күрес, көктемгі егіс науқаны, әлеуметтік осал топтарға көмек қарастыру және тағы да басқа өзекті мәселелер бар. Сондай-ақ Президент жұқпалы дертке шалдыққан науқастарға төзімділік пен сабырлық тілеп, медицина мамандарына алғыс айтты. Ел тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа шақырды.