«ПРИРОДА ОСЕНЬЮ» ЭКСКУРСИЯ САБАҒЫ

11 қазан күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің қызметкерлері күз мезгіліне арналған ерекше экскурсия-сабақ өткізді. Экскурсия А.П. Чехов атындағы драма театрының ауласынан бастау алды. Кітапханашы А. Мағауина балаларға театр жөнінде және онда өсетін өсімдіктер туралы айтып берді. Кейін балалар А. Чехов ескерткішінің алдында естелік суретке түсіп, келесі бағытын Ленин атындағы саябақпен жалғастырды.

Сектор басшысы Д. Рахимжанова балаларға алтын күз мезгілі туралы, айналадағы қызыл-сары, алтын түсті және алуан пішінді, желмен ұйытқып жерге түсіп жатқан жапырақтар туралы айтып берді. Балалар шие, қайың, үйеңкі, терек, шетен ағаштарының жапырақтарын қызыға жинады. «Угадай дерево» атты дидактикалық ойын өткізілді. Балалар ойын алаңында асыр сала ойнады және риза болып қайтты.