«КІТАП ЖӘНЕ САХНА» ЖОБАСЫ «ТУРЦИЯ: ИСТОРИЯ, КУЛЬТУРА, ЛИТЕРАТУРА» КІТАП КӨРМЕСІ

 

 

 

23 ақпанда А.П.Чехов атындағы орыс драма театрында «Кітап және сахна» жобасы аясында «Турция: история, культура, литература»атты кітап көрмесі ашылды, ол түрік драматургы Тунджер Джюдженоглудың пьесасы бойынша «Лавина» спектаклі басталар алдында қойылды.

Тунджер Джюдженоглу драмасы - түрік және әлем әдебиеті тарихындағы жарқын туындылардың бірі. Ол қазіргі заманғы ең танымал түрік драматургтерінің бірі (оны «түрік Чеховы» деп атайды), оның пьесалары бүкіл әлемде  қойылады.

Актерлер мен көрермендердің назарына осы таңғажайып елдің тарихы, мәдениеті, түрік тілі бойынша әдебиет, түрік авторларының орыс, қазақ, түрік тілдеріндегі туындылары туралы 100-ге жуық басылым ұсынылды. Олардың ішінде: Монеси А. Турция: история и достопримечательности; Льюис Р. Османская Турция: быт, религия, культура; Губарева М., Ионина 100 великих галерей и музеев; Гениш Э. Турецкая литература және т.б.