«Кітаптан табылған естеліктер» жобасы

Кітапхана - бұл кітап беттерінде көптеген ұрпақтардың білімі, ұшқыр ойы мен шынайы көзқарасы сақталатын қазыналы мекен. Уақыт толқынына ілесіп дәуір артынан келесі дәуір, түрлі ұстанымдар, мәдениет ауысып отырады, ал кітапхана кітаптарды ғана емес, уақыт пен тарихтың атрибуттарын да сақтауды жалғастырады. Ескі кітаптардың беттерінен не табуға болады? Оқырмандар кітаптар арасына қандай дүниелер қалдырады? Бұл әрине жиі кездесетін жағдай, әрбір оқырманын қызықтырған кітап арасынан сіз әртүрлі жазбаларды, хаттарды, ашық хаттар және т.б.  таба аласыз. Осы реттебіз сіздердің назарларыңызға біздің кітапханада табылған қызықты заттарды әлеуметтік желі парақшаларында ұсынамыз. Сілтемелер жоғарыда, оң жақ бұрышта қолжетімді.