«Ашық кітапхана» жобасы

Жарияланған карантин жағдайына байланысты біздің кітапхана қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшті. Оқырмандарымыз кітапхана ашылуын асыға күтуде. Әрине, бұл бізге байланысты емес екендігі айдан анық. Сол себептен де, оқырмандарымыз үшін, «Ашық кітапхана» жобасын қолға алдық.

Аталған жоба бойынша, кітапхана ғимараты алдына кітаптарға толы стеллаж қойылды. Қала тұрғындары бұл кітаптарды орындыққа отырып оқуына, жағажайға (басқа да демалыс орнына) немесе үйге алып оқуына рұқсат етілген.

Сонымен қатар, өз кітабыңызды «Ашық кітапханаға» әкеліп қоюларыңызға болады. Сіз ұсынған кітап басқа да оқырмандар үшін қызықты болуы әбден мүмкін. Осылайша, біздің қаламызда «кітап алмасу» жүйесі жүзеге асады.