«Томаға тартар» балалардың шығармашылығын қолдау жобасы

Бірнеше халықаралық, республикалық өнер байқауларының жеңімпазы, дарынды жерлесіміз Айжәннәт Әбубәкір кітапханамыздағы "Томаға тартар" жобасына қонаққа келді. Айжәннәтпен бірге Павлодар қалалық музыкалық колледжіне қарасты дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары Намира Тұңғышбаева мен Нұралы Сапарғалиев өз өнерлерін көрсетті.

Қобыз, жетіген, сазсырнай секілді ұлттық аспаптарды еркін меңгерген өнерпаздар көпшілікті таң қалдырып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.