Кәсіби кездесулер

28 қыркүйек күні С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының меңгерушісі Ауылбаева Әсемгүл «Кітапхана жұмысының заманауи формалары кітап оқуды насихаттауды белсендіру тәсілі ретінде» атты халықаралық онлайн конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар С.Баишев атындағы Ақтөбе облыстық кітапханасы. Қатысушылар арасында Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Қазақстан кітапханаларының өкілдері бар.

Аулбаева Әсемгүл 2022 жылы «Павлодар балаларға кітап оқиды» акциясын өткізу тәжірибесімен бөлісті. Конференция қорытындысы бойынша шараға қатысушылардың материалдар жинағы шығарылады.