«Ақпараттық технологиялар» мамандық сағаты

3 қазан күні обылыстық кітапханада «Ақпараттық технологиялар» атты Мамандық сағаты өткізілді. Сағатты өткізу жұмысына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет жанындағы колледждің «Есептеу техникасы» мамандығы бойынша оқитын бірінші курс студенттері қатысты.

Іс-шара бағдарламасында: кітапхана ішіндегі экскурсия, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережесі бойынша кітапханалық сабақ, көрме көру және мамандық біліміне көмек ретінде әдебиетке шолу жасау. Өндірістік оқыту шебері Ілиясова Гүлназ Қайырбекқызы студенттердің көңілін келесі оқу құралдарына бұрды, Яворский В. «Ақпараттық технологияларға кіріспе», Ермеков Н.Т. «Компьютерлық графика», Хакимова Т. «Информатика негіздері» курсы бойынша тест жүргізуге арналған нұсқаулық, Цай Д. «Персоналдық компьютердің аппаратпен қамтамасыз етілуі» т.б.

Іс-шара қонақтары Академик К. Сатпаевтың Залында жиналған К.И.Сатпаевтың өмірі мен қызметі туралы құжаттармен, материалдармен танысты.