«Дәнекерлеу технологиялары» кәсіби сағаты

8 сәуір күні облыстық кітапханада «Дәнекерлеу технологиялары» тақырыбында кәсіби сағаты өтті. Іс-шараға Павлодар монтаж колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенттері қатысты. Болашақ маман иелеріне кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері бойынша кітапханалық сабақ және «Кәсіби білімге көмекке» әдебиеттерге шолуы өткізілді. Өндірістік оқыту шебері Б.А.Умарбаева курсанттарға «Кәсіптік білім беру» сериясында шыққан «Дәнекерлеу өндірісі» мамандығына қатысты оқу құралдарын таныстырды. Сондай-ақ, колледж оқушыларының назарына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап-иллюстрациялық көрмесі және Чернобыль АЭС-індегі апаттың 35 жылдығына арналған «Чернобыль-быль, Чернобыль-боль» көрмесі ұсынылды.