«Профилактика психоактивных веществ» атты семинар

15 қаңтар күні С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханада «Профилактика психоактивных веществ» тақырыбында семинар өткізілді.

Республикалық психикалық денсаулықтың ғылыми-практикалық орталығынан шақырылған маман Камалов Айдар Мағжанұлы сөз сөйлеп, қатысушылармен психологиялық белсенді заттардың қауіп-қатерін, себептерін және залалды салдарын талқылады. Сонымен қатар, кеңесші Ертай Ерназар өз өмір баянын айтып берді. Семинар қатысушылары - Павлодар қаласы колледждерінің студенттері. Қазіргі таңда қоғамда жағымды жайттармен қоса балалар мен жастардың қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік мәселелер қатары өткір болып тұр. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ортаға салып, мәнді жауаптар алды.