«Ана бақыты – бала бақыты» атты көпбалалы анамен онлайн кездесу

5 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күні мейрамы  қарсаңында «Ана бақыты – бала бақыты» тақырыбында көпбалалы ана Айжан Конуспаевамен онлайн кездесу өтті. Сұхбат барысында қонағымыз өзінің бала тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісіп, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Кездесудің бейнежазбасы парақшада қолжетімді.