«Жүрек қағысы»

17 қазанда облыстық кітапхана қызметкерлері павлодарлық ақын И.А. Неустроевпен кеш ұйымдастырды. Іс-шара Халықаралық ақ таяқша күніне орайластырылған, бұл күн, қоғамның есіне айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандардың бар екенін түсіреді.

Кеш зағип және көру қабілеті төмен балаларға арналған ММ «Облыстық арнайы мектеп-интернатында» өткізілді. Игорь Анатольевич өзінің өмір жолында кездескен қиындықтар туралы айтып берді, өлеңдерін оқыды. Кітап көрмесі жасалып, ақынның шығармашылығымен байланысты слайдтар көрсетілді.