«Пушкин один для всех» атты оқушылардың қалалық мәнерлеп оқу байқауы

24 ақпан күні балалар әдебиеті бөлімінің оқырмандары «Славян мәдени орталығы» және К.Даржұман атындағы Павлодар облыстық ұлттық өркендеу мектебінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған «Пушкин один на всех» атты оқушылардың қалалық мәнерлеп оқу байқауына қатысты. Байқауға қатысушылар А.С.Пушкиннің әр түрлі тілдердегі (орыс, қазақ, кәріс, қытай, украин, ағылшын және т.б.) өлеңдерін мәнерлеп оқуда бақ сынады. Әділ қазылар алқасы кіші жас тобында мәнерлеп оқу және актерлік шеберлігі үшін Адина Рысбаеваға бірінші орынды табыстады. Александр Комаристый мен Настя Тимофеева қатысушы сертификаттарын алды. Байқау А.С.Пушкиннің шығармашылығы және оның қазақ даласына сапары туралы қызықты дәріспен аяқталды.